JariaLike.kz
JariaLike.kz
Monday, 28 Aug 2023 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Алматыда кәсіпкердің үйінен қомақты ақша салынған сейфті ұрлаған 34 жастағы ер адам қолға түсті. Медеу ауданының полицейлері күдіктіні анықтады. 

1989 жылы туған Алматылық тұрғын бөтеннің үйіне терезе арқылы жасырын кіріп, ірі көлемдегі ақшасы бар сейфті ұрлап кеткен. Қылмыс жасалған кезде пәтер иелері демалыста болған. Үй иесі жеке кәсіпкер болып шықты. Сейфте 250 мың доллар ақша болған.

«Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Күдікті ұрланған ақшаны көңнің арасына жасырып қойған. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін хабарлады полиция басқармасы.