JariaLike.kz
JariaLike.kz
Wednesday, 16 Aug 2023 00:00 am
JariaLike.kz

JariaLike.kz

Шығыс Қазақстан облысы орталығындағы №12 мектеп-гимназиясында жөндеу жүріп жатыр. Жұмыс барысын қала әкімі Жақсылық Омар тексеріп қайтты, деп хабарлайды Altaynews.

Мердігер ұйым ғимараттың төбесін жөндеп жатыр, 1 қыркүйекке дейін жұмысты аяқтауға міндеттелген. Құрылысқа облыс бюджетінен қаражат бөлінген.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар оқу орнының әкімшілігіне жөндеу барысын жіті бақылауды тапсырды.

«30 тамызда жөндеу жұмыстары толық аяқталуы тиіс. Күн райын сылтау етпеңіздер. Бұл өте жақсы мектеп. Мектеп директоры күн сайын құрылысшылардың жұмысын тексеріп, қандай да бір кемшілік болса, маған хабар береді», – деді қала басшысы мердігерлерге.