66a741026b5bf636672665

Бұрынғы депутат бала зорлады деген күдікке ілінді

Жетісу облысында экс-депутат кәмелетке толмаған баланы зорлады деп айыпталды. Ақсу аудандық полиция бөлімі бала зорлығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Jarialike.kz. 

Жетісу облысында аудандық мәслихат депутаты бала зорлады деген ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын.

«Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған азаматқа қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сот сараптамаларын тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - делінген полиция бөлімінің хабарламасында.

Фото: © istockphoto.com 


Пікір Как:

Пікір (0)