ақбөкен-1068x657

Көбейген киіктерді атудан басқа жол жоқ

Дала еркесі киіктерді ату басталады. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын реттеуге қатысты пікірімен бөлісті. 

Министрдің айтуынша, киік саны  екі түрлі жолмен реттеледі.  «Біріншісі – коралдық (киіктерді айдап кіргізетін қоршау) әдіс. Бұл іс-шара әдетте күндіз жүргізіледі. Екіншісі – түнгі уақытта ату. Біз бірінші жолмен жүрдік. Алайда, ауа райының жағдайына және көлікті тиімді пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына байланысты екінші әдісті жоспарлап отырмыз. Мен жауаптан қашпаймын, киік санын реттеу қажет», - деді министр.   

Бүгінде киік саны жоспарлы көрсеткіштен асып жығылған. 

«Бұл қасқыр сынды табиғи реттеушінің жоқтығынан орын алып отыр. Бұрын жұт, құрғақшылық болып, жайылым болмай қалатын. Мұнан бөлек, ауру таралатын», - деді Ерлан Нысанбаев.

Министрдің дерегінше, осы уақытқа дейін коралдық әдіспен 90-нан астам киік ауланды. Сонымен қатар 14 киік атып алынған.


Пікір Как:

Пікір (0)